Қарағанды облысының полицейлері тәлімгерлік тәжірибесін дамытуда (ФОТО)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ІІД полицияның тәлімгерлері мен жас қызметкерлерінің слетін өткізді. Бұл туралы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қарағанды облысының ІІБ жас қызметкерлері мен тәлімгерлерінің VI слеті Нұра ауданы Киевка кентінде өтті. Оған 100 жас полицей мен ардагерлер арасынан сонша тәлімгер қатысты», - деді ІІД баспасөз қызметінен.
Сабақтастық кадрларды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады, деп санайды слет ұйымдастырушылары.
«Шараның басты мақсаты - жас қызметкерлерге полиция алдында тұрған мәліметтерді жеткізу, олардың бойларынан патриотизді тәрбиелеу», - деді Қарағанды облыстық ІІД басшысының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев.
Слетке қатысушылар Киевкадағы қызметтік бабын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған ескерткіш белгіге барды. Митингке 48 жыл бұрын қаруланған қылмыскерлерді ұстау кезінде ажал құшқан милиционер Хамидолла Әбілдиннің қызы сөз сөйледі. Ақлия Әбілдина батырларға көрсетілетін құрмет пен көз жұмған қызметкерлердің жанұяларына қолдау көрсеткендеріне алғыс айтты.
Слет бағдарламасында жергілікті полиция қызметінің қызметі мәселелері бойынша дөңгелек үстел бар.