Қарағанды облысының полицейлері заңсыз киік атқандар ісін тексеріп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қаласының маңынан заңсыз киік аулаған күдіктілер қолға түсті.
None
None

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етіп отыр.

«2011 жылдың 7 ақпаны күні полиция мен «Охотзоопром» кәсіпорнының қызметкерлері бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында Жезқазған қаласынан 30 шақырым жердегі шаруа қожалығына қарасты «Ащықұдық» мекенінде «УАЗ» маркалы екі көлік ұсталды. Көліктердің бірінен 12 калибрлі тегіс ұңғылы қару, жеті оғы бар 7,62 калибрлі иір ойықты мылтық, түнде көретін дүрбі мен оқтар табылған. Жүргізушінің айтуынша, бұлар шаруа қожалығының бастығына тиесілі. Келесі автокөлік ішінен 7 киіктің терісі мен 6 қоян еті табылған», - делінген облыстық ішкі істер департаментінің таратқан хабарламасында.

Оқиға орнына келген Жезқазған қаласы ІІБ тергеу-жедел тобы вагон ішінен 4 киіктің басын, жануардың 9 аяғын, 6 киік мүйізі мен ет тапқан. Ұсталған жүргізушілердің біреуі киікті өлтірмегенін, өзеннің жанынан тауып алғанын айтқан.

«Киіктің еті сот-мал дәрігерлік сараптамаға жіберілді»,- деп аталып өтілген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар