Қарағанды облысының полицейлері «Жеңістің мұрагерлері» спартакиадасын өткізді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық ІІД «Жеңістің мұрагерлері» спартакиадасын ұйымдастырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысының полицейлері «Жеңістің мұрагерлері» спартакиадасын өткізді

Оған 22 команда қатысты. Полицейлер спорттың 6 түрінен бақ сынады - атыс, дойбы ойыны, кешенді күш жаттығулары, гір тасын көтеру спорты, армрестлинг және арқан тарту.

«Біз ҰОС қатысушыларының ерлігіне, қайсарлығына бас иеміз», - деді Қарағанды облыстық ІІД бастығы полицияның генерал-майоры Мергенбай Жаппаров.

Жалпы есепте Қарағанды қ. ІІБ командасы бірінші орынға ие болды.

Екінші орын қарауылшы жасақ қызметінің ротасына, үшінші орын Қарағанды облыстық ІІД бұйырды. Оларға кубоктар, грамота мен бағалы сыйлықтар табысталды.