12:51, 07 Шілде 2010 | GMT +5
Қарағанды облысының полициясы өз әріптестеріне қару қолданған жол полиция қызметкерлеріне қатысты оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүргізуде
ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы ішкі істер департаменті «Рубеж» бекетінде жағдайды түсінбей жатып,

әріптестеріне қару қолданған жол полициясы қызметкерлеріне қатысты оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Оқиға маусымның 28-і күні «Алматы Екатеринбор» күре жолында орын алғандығын, зардап шеккендердің жоқ екендігін нақтылады баспасөз орталығы.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүріп жатыр.