Қарағанды облысының шахтасында газ жарылысы болды, екі адам үйінділердің астында қалып отыр - ТЖМ

Көмір үйіндісінің астында екі адам қалып отыр.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, сәрсенбі, маусымның 23-і күні сағат 23.23-те 40 К8-К10 вентиляциялық квершлагтың дайындау забойында газ жарылысы болды.
Оқиға кезінде забойда 4 адам болған. Апат орнынан өз беттерімен шыға алған екі жұмысшы қазір ауруханада жатыр. Үйінділер астында тағы екі жұмысшы қалып отыр - 40 жастағы звено жетекшісі және 29-дағы комбайншы.
ТЖМ-нан анықтағандай, төтенше жағдай кезінде шахтада барлығы 169 адам болған және олар дереу қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта шахтаның жұмысы тоқтап тұр.
Төтенше жағдайды жоюға Қарағанды облысы бойынша ТЖД-ның 7 адамы мен 3 техникасы, сондай-ақ «ВАСС «Көмір» РМКК-ның 30 адамы және 6 техникасы жұмылдырылды.