Қарағанды облысының тұрғындары бюджеттерінің басым бөлігін етке жұмсайды - әлеуметтік зерттеу

ҚАРАҒАНДЫ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының тұрғындарында азық-түлікті сатып алу барысында ақшаның үштен бір бөлігі етке және ет өнімдеріне жұмсалады.
None
None

Мұны облыстық статистика департаменті жүргізген ішінара зерттеу көрсетті.

Статистикалық ведомствоның мәліметіне сәйкес, 2011 жылдың 4-інші тоқсанында облыс тұрғындарының ақшалай шығыны бір адамға орташа есеппен 35606 теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға жоғары. Ауыл тұрғындарында бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен - 26189 теңге.

«Халық шығынының құрылымында 40 пайызы тұтынатын тауарларға, 26,5 пайызы киім-кешектерге, 20,7 пайызы әртүрлі қызметтердің төлемдеріне тиесілі. 12,8 пайызы салық төлеумен, несиені жабумен, алименттер мен өзгелерді төлеумен байланысты», - деп хабарланды облыстық статистика департаментінен.

Зерттеуге қатысушылар көрсеткендей, азық-түлік өнімдерін сатып алу барысында ақшаның басым бөлігі (36 пайызы) ет және ет өнімдеріне жұмсалады.  Нан өнімдері мен ұннан жасалған макарон, жарма сияқты тағамдарға кететін шығын 14,6 пайызды құраса, сүт өнімдеріне 9,6 пайы, жемістерге 7 және көкөністерге 6,6 пайыз жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар