Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері жүру мүмкіндігі жоғары жаңа автокөліктерге ие болды

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жұма, шілденің 9-ында Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелеріне жаңа көліктердің кілттері табыс етілді.
None
None

Жүру мүмкіндігі жоғары «УАЗ - 220609-04-310» маркалы автокөліктер «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының есебінен алынды.

«Бұл - үстіміздегі жылдың мамыр айында облыс басшылығы, ТЖ жөніндегі облыстық басқарма мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде бірлесе іс-қимыл жасасу туралы меморандумның орындалуы», - деп атап өтті жаңа техникаларды тапсыру салтанатында Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, облыстық ТЖД-ға сыйға тартылған көліктерді алуға компания 21 млн. теңге жұмсады.

Соңғы жаңалықтар