Қарағанды облысының ТЖД-на жаңа басшы тағайындалды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ІІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Беккер Қарағанды облысы ТЖД-ның жаңа басшысы Ибрагим Күлшімбаевты таныстырды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«ТЖД Дағдарыс орталығында жаңа бастықты тағайындауға Қарағанды облысы ТЖД барлық жеке құрамы мен аумақтық және құрылымдық бөлімшелердің бастықтары қатысты», делінген хабарламада.

ҚР Ішкі істер министрінің 25 наурыздағы №65 бұйрығымен И.Күлшімбаев Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Ибрагим Дәукесұлы Қарағанды облысының Нұра ауданы Амантау ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Автокөлік және автокөлік шаруашылығы» мамандығы, инженер-механик біліктілігі бойынша бітіреді.

2004 жылы Ресей ТЖМ-ның Азаматтық қорғаныс академиясын «Азаматтық қорғау жедел-тактикалық командалық-штабтық» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жаңа бастық азаматтық қорғау саласында үлкен тәжірибеге ие. 1995 жылы институтты тәмамдаған соң, Семей облысының әскери бөліміне танк взводына шақырылады.

Армиядан кейінгі бірнеше жылдан кейін, И.Күлшімбаев өз қалауымен құтқару қызметіне ауысады. 2002 жылы Ресей ТЖМ-ның Азаматтық қорғаныс академиясын озат бітіреді.

2009 жылдан 2013 жылға дейін ТЖ министрінің қоры болып табылатын және табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жоюға бағытталған міндеттерді орындайтын 52859 әскери бөлімін басқарды.

И. Күлшімбаев орман өрттерін сөндіруге, Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария арнасындағы Көксарай бөгетінің құрылысына, Қарағандыдағы «Бесоба» тұрғын үй кешенінде қираған үйіндіні жинауға, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданында тасқын судың зардабын жоюға атсалысты.

ҚР Бас әскери прокуроры, генерал-лейтенант Ерғали Мерзадинов әскери басқару органдары жүйесінде профилактикалық қызметіндегі көшбасшы рөлі және әскери тәртіптің күшеюіне қосқан қомақты үлесі үшін полковник И.Д. Күлшімбаевты марапаттаған.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл», ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», нагрудные знаки: «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» медальдарымен марапатталған.

Осыған дейін полковник И. Күлшімбаев Астана қаласы ТЖ департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті.
2 3 4 5 null

Соңғы жаңалықтар