Қарағанды облысының үздік түлегі сыйлыққа Еуропа бойынша турға сертификат алды (ФОТО)

Өңір әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс бойынша оған қатысқан барлық 200 түлек мейрамхана холлында вальс биледі. Қыздар әсем көйлекте, жігіттер смокингте кешті нағыз мерекеге айналдырды. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге алдағы өмірде сәттіліктер тіледі.
- Мектеп бітірулерің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Тарих үшін бұл көп уақыт болмаса да, өмір үшін белгілі бір кезең. Сендерді мақтан тұтамыз әрі сенім артамыз, құрметті түлектер. Балаларымыз - ең қабілетті, ең дарынды, ең ақылды екеніне сенеміз, армандарыңа жетіңдер. Бойларыңдағы ерік-жігерлерің, шығармашылық қабілеттерің, жаңа идеяны алға жылжыту мүмкіндіктерің, өмірді жақсартуға деген тілектерің әрқайсыңа лайықты келешек сыйлайтынына еш күмән жоқ. Өмірлік белсенді ұстаным ұстанған елдің нағыз патриоты, азаматы болуларыңа тілектеспін! - деді өңір басшысы.
Үздік түлектер, республикалық, халықаралық байқаулар, жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанатты шараның негізгі сәттерінің бірі болды.
121 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Олардың ішінде қазақ-түрік лицейінің түлегі Әбішев Тілепберген 125 балл жинады. Облыс әкімі медальмен қоса оған Еуропа қалаларына турға сертификат табыс етті.
Халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздарына «Жас дарын» медалі тапсырылды. Мәскеуде өткен химиядан халықаралық олимпиаданың 2 дүркін жүлдегері Тиышкүл Мұратқа Нұрмұхамбет Әбдібеков арнайы сыйлық - «Отан» қолсағатын сыйға тартты.
Келесі жылы мектеп бітіретін дарынды мектеп оқушыларына тәуелсіздікті, келісім мен дамуды бейнелейтын «Аманат» мүсіншесі тапсырылды.
Сондай-ақ барлық түлектерге спорттық құрал-жабдықтарға сертификаттар, ал олардың ата-аналарына облыс әкімінің атынан алғысхаттар тапсырылды.
Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерт болып өтті.
Облыс түлектері Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Сүлеймен Демирель атындағы университет, ҚарМТУ, Қарағанды медицина университеті, Fontys (Голландия), Solfridge, Unist (Оңтүстік Корея), Yale Univesity, Рью Хэйвен, Коннектикут (АҚШ), Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу) сияқты іргелі жоғары оқу орындарының гранттарына ие болды.