Қарағанды облысының жолдарында Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы халықаралық автосайыс өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының жолдарында Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасов атындағы халықаралық автосайыс өтеді. Бұл туралы аймақтағы ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Полицияның ақпаратынша, 4-6 маусым күндері автосайыстың қатысушылары Қарағанды және Балқашта болады. Одан кейін автосайыс Қарағанды облысынан Жамбыл облысына бағыт алады.

«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан поицейлер мен қазақстандық полиция қызметінің 20 жылдығына арналған Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы халықаралық автосайыс Астана қаласында басталады. Ол Қарағанды және Жамбыл облыстары арқылы өтіп, Бішкекте жалғасады, содан кейін Алматы облысы арқылы Астанаға қайтып оралады», - деп нақтылады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полиция капитаны Ғ.Байтасов 2011 жылғы 12 қарашада Тараздағы лаңкестік әрекет кезінде қызметтік міндеттерін атқару үстінде қаза тапты. ҚР Президентінің Жарлығымен жоғары деңгейдегі еңбегі үшін полиция қызметкеріне қайтыс болған соң Халық Қаһарманы атағы берілді.

Соңғы жаңалықтар