Қарағанды облысының Жыланды ауылында 43 үйдің аумағын су басты (ФОТО)

«30 наурыздағы жағдай бойынша Жыланды ауылында 43 жеке үйдің аумағын су басты. 173 адам эвакуацияланып, туыстарының үйлеріне орналастырылды. Сонымен қатар тұрғындардың малдары қауіпсіз жерге жеткізілді», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде өзен арнасын бекіту жұмыстары мен үйлер ауласын судан тазарту шаралары жүргізілуде. Атап айтқанда, бұл жұмыстарға ТЖД, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жол қызметінің өңілдері жұмылдырылды.
Мұнымен қоса, Қарқаралы ауданы аумағында да судың тасуы салдарын жою шаралары атқарылуда. Атап айтқанда Матақ ауылында 10 жеке тұрғын үйдің аумағын, 25 аула маңын су басты. Ал Нұра өзені деңгейінің күрт көтерілуі себебінен Ынталы ауылында 1 тұрғын үй мен 4 шаруашылық құрылысын су басты. Барлығы 5 адам көшіріліп, малды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары атқарылды. Бұл ауылдарда да өзен арнасын бекіту шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар Т. Әубәкіров атындағы ауылда, Көктас ауылында қардың еруі салдарынан жиналған суды ағызу жұмыстары іске асырылуда.