Қарағанды полицейлері жалған нөмір таққан көлікті ұстады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда полицейлер жалған нөмірі бар көлікті ұстады, оның нақты иесі Ресей тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жасағы қала көшелерінің бірінде жылдамдықты асырып жүріп келе жатқан ВАЗ-21112 автокөлігін тоқтатты. Тәртіп бұзушы 19 жастағы жас жігіт болып шықты.
«Құжаттарды тексеру кезінде көліктің Ресей Федерациясының Пермь өлкесінің тұрғынына тиесілі екені анықталды.
Сондай-ақ, көлікті тексеру кезінде патруль қызметкерлері өзгертулер жасалғанын байқаған - багаж бөлігінде дәнекерлеу іздері болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 386-бабы «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.