Қарағанды прокуратурасы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне заңсыз жекешелендіріліп кеткен пәтерді қайтарып берді

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды прокуратурасы балалар үйіндегі екі баланың мүлкін қорғады,
None
None

деп хабарлайды қала прокуроры Әбу-Әли Саттар.

Қадағалаушы органның көмегімен жетім балалардың заңсыз жекешелендіріліп кеткен пәтері өздеріне қайтарылды.

«1988 жылы кәмелеттік жасқа толмаған екі баланың анасы ордер бойынша пәтерге ие болады. Кейін анасының қайтыс болуына байланысты екі бала балалар үйіне жіберіледі де олардың бұрынғы көрші әйелдері пәтерді заңсыз жекешелендіріп алып, сатып жібереді», - деді Ә.Саттар.

Қала прокуратурасы балалар үйі тәрбиеленушілерінің жасалған келісімдердің заңсыз екендігі және пәтерді заңды иесіне қайтарып беру туралы талабын қабылдады. «Соттың шешімімен талап толығымен қанағаттандырылды. Ол заң жүзіне енді. Қазіргі таңда екі бала баспанаға арналған құжаттарын рәсімдеп жатыр», - деп атап өтті прокурор.

Соңғы жаңалықтар