21:11, 29 Маусым 2010 | GMT +5
Қарағанды прокуратурасы пәтер алаяқтарына тосқауылды күшейтті
АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - Қарағандыда пәтер алаяқтығына байланысты 12 қылмыстық іс қозғалып, осыған қатысты 5 қылмыскер жазаға кесілді, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

«Тексеру материалдары бойынша, қалалық прокуратура пәтер алаяқтығына байланысты 12 қылмыстық іс қозғады, осыған қатысты 5 қылмыскер жазаға тартылып, оның ішінде 4-еуі бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жергілікті құқық қорғау органы пәтер алаяқтығымен айналысатын А. деген азаматты ұстап, күдіктіге қарсы бес қылмыс бойынша айып тағылған.
«Сот оны қамауға алу туралы санкция берді. Аталған азаматшаның жоғарыда аталғаннан өзге тағы да он қылмысқа қатысы бары анықталып, бүгінде оның ақ-қарасы тексерілуде», - деп хабарлады құқық қорғау органы.