02:23, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қарағанды шаһарының картасы 3D үлгісінде жасалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды шаһарының картасы 3D үлгісінде жасалады, деп хабарлайды «Хабар» арнасы.
Қала құрылысының кадастр орталығы қолға алған игі іс желтоқсан айында аяқталып, көпшілік назарына ұсынылмақ. Мамандардың айтуынша, бүгінде кеншілер астанасында 185 мыңдай нысан бар. Сол ғимараттардың 2 мың есеге кішірейтілген көшірмесі арнайы принтерде құйылып, картаға желімделмек. Нысанның көлемі әрі қандай құрылыс материалынан салынғаны толық ескерілген. Мамыр айында басталған жұмыс аяқталуға жақын. Картаның ұзындығы - 17, ал ені 11 метр болады. Алып картаны алдағы уақытта сәулетшілер мен қаланың бас жоспарын жасайтын мамандар пайдаланады. Әрі жергілікті тұрғындардың да тамашалауына мүмкіндік туып отыр.