Қарағанды сотында медициналық айықтырғыш ғимаратының қолданысқа берілуін тоқтату туралы талап қаралатын болады - прокуратура

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда төтенше жағдайлар жөніндегі прокуратура басқармасының талабы бойынша сотқа медициналық айықтырғыш ғимаратының тоқтатылуы туралы талап-арыз жіберілді.
None
None

Бұл туралы Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы бөлімінің бастығы Данияр Жөнкин хабарлады.

«Талап беруге негіз болған жағдай мекеме әкімшілігінің ұзақ уақыт бойы өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзып, оны қалыпқа келтіру бойынша ешқандай шара қолданбағандығы болып отыр», - деп атап өтті прокурор. Оның айтуынша, төтенше жағдайлар жөніндегі органдар былтырғы жылдың қыркүйегінде ескерту жасаған, алайда жақындағы тексеру барысында сол ережелер тағы да бұзылғандығы анықталған

«Қарағанды қаласы ішкі істер басқармасының медициналық айықтырғыш ғимараты өрт туралы автоматты белгі беретін құрылғымен жабдықталмаған, бұл жерде өрт сөндіргіштер жетіспейді, ғимараттың жертөлесіндегі ағаштар отқа қарсы құрамға сай емес», - деп түсіндірді Д.Жөнкин.

Медициналық айықтырғыш мекемесін қолданысқа беруге қарсылық туралы талап-арыз арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа өткен аптаның соңында жіберілген болатын.

Соңғы жаңалықтар