Қарағанды теміржол қатынасы учаскесі мен стансысының комендатурасы мерейтойын атап өтуде

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды теміржол қатынасы учаскесі мен стансысының комендатурасы құрылғанының 35 жылдық мерейтойын атап өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әскери комендант подполковник Виталий Москвичевтің қырағы басшылығымен комендатураның жеке құрамы Қарағанды гарнизонының аумағындағы әскери тасымалдауды жүзеге асыруға стансылардың, кіру жолдарының, тиеу-түсіру құрылғыларының даярлықтарын тексеруді және тиісті дәрежеде ұстауды жүзеге асырады.Жұмыс істеген 35 жыл ішінде учаскеде 20000-нан астам вагон тиелді және түсірілді, ол 4000-ға жуық әскери эшелондар мен транспортерлерді құрайды. 7000-нан астам вагон халық шаруашылығының жүктері тиелді және түсірілді, орналасу пункті арқылы өтетін кемі 10000 әскери қарауылдар тексерілді, әскерге шақырылғандар мен әскерден босатылғандар әскери командаларының құрамында 100000-нан астам адам көшірілді. Қарағанды теміржол қатынасы учаскесі мен стансысының комендатурасы «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскерінің күнделікті қызметінде де маңызды рөл атқарады.
Соңғы жаңалықтар