Қарағанды түрмелерінде сотталғандарға туыстарымен бейнебайланысқа шығуға мүмкіндік жасалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы АК-159/1 түзеу мекемесіне «Бейнекездесу» атты ілкі жоба іске қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Ведомствоның мәліметтерінше, қадағалаушы органның бұл бастамасы ізгі ниеттен туындаған. «Сотталған кейбір азаматтарға туған-туыстары қаржының жоқтығынан немесе жолдың алыстығынан келе алмайды. Енді олар туыстарымен және жақындарымен қысқамерзімді бейнебайланыстың көмегімен жүздесуге мүмкіндік алып отыр»,-деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен. 

Ілкі жоба сотталғандардың тілектеріне байланысты енгізілді. Сотталғандардың бұл мәселеге қатысты пікірлері сауалнама арқылы анықталған.

Бұл ретте туыстарымен бейнебайланысқа шығу үшін сотталғандардың жүріс-тұрыстары мінсіз болып, мекеменің қоғамдық және мәдени шараларына белсенді қатысулары керек.

«Бейнежүздесу» облыс прокуратурасы ұсынған жалғыз ғана жоба емес. Алдағы уақытта интернет-ресурстардың көмегімен дін өкілдерінің дінің негіздерін түсіндіру мақсатында онлайн-сабақтарын да ұйымдастыру көзделіп отыр. Аталмыш бастама сонымен қатар сотталғандар арасында діни экстремизм мен терроризм мәселелеріне қатысты сауықтыру шараларын жүргізуге ықпал етеді. Бұл сондай-ақ сотталғандардың діни сауаттарын ашуға көмектеседі. Аталғандармен қоса, сотталғандарды қашықтықтан кәсіби оқытуды да қолға алу жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар