16:08, 10 Қараша 2011 | GMT +5
Қарағанды Үрімшіге дейін әуе қатынасын ашады
ҚАРАҒАНДЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - «Қарағанды-Үрімші» әуе рейсі 17 қарашада ашылады. Бұл туралы Қарағандының «Сарыарқа» әуежайынан хабарланды.
«Біз Қытайдың Beijing capital airlines әуе компаниясымен келісімге отырдық.Алғашқы жолаушылар рейсі 17 қарашада ұйымдастырылады.Оның ашылуына дайындық жұмыстары бір жарым жыл бойына жүргізілді», - деп хабарлады әуежайдың әкімшілігі.
Әуежайдың ақпаратынша Үрімшіге дейін рейстер А-319 ұшағымен аптасына бір рет, бейсенбі күндері жүзеге асырылады. Билеттің құны бір бағытқа шамамен 40 мың теңгені құрайды.