«Қарағанды-Жезқазған» бағытында 9 қараша мен 31 желтоқсан аралығында аптасына бір мәрте жүретін жолаушылар пойызы іске қосылады

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2013 жылдың 9 қарашасы мен 31 желтоқсаны аралығында аптасына бір мәрте жүретін «Қарағанды-Жезқазған» бағытындағы №634/633 жолаушылар пойызын жолға шығарады. Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Пойыз Қарағандыдан тақ күндері (жұма/сенбі) 19 сағат 10 минутта аттанып, Жезқазғанға 07 сағат 10 минутта келіп жетеді. Ал Жезқазғаннан жұп күндері (сенбі/жексенбі) 19 сағат 55 минутта жүріп, Қарағандыға 8 сағат 15 минутта келеді.

Құрам 9 вагоннан тұрады, оның бесеуі - купе, үшеуі - плацкарт және біреуі - жалпы санатты вагондар.

Соңғы жаңалықтар