Қарағанды жұртшылығы әуе апатында қаза тапқандарды ақтық сапарға шығарып салды (ФОТО)

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды жұртшылығы Жамбыл облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағының қаза тапқан жолаушыларын ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

Жұртшылық Қарағандының №1 мешітінде өткен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің техникалық даму департаментінің директоры Ғабит Төлеубаевтың жаназасына қатысты. Қайғылы қазаға Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің бас директоры Бахтияр Қрықпышев келіп, қайғыға ортақтасты.

Сонымен қатар, бұл күні қаза тапқан эпипаж мүшелері - командир Валерий Клюшев, екінші ұшқыш Виктор Савельев және бортмеханик Василий Литвиновті туған-туыстары мен қарағандылықтар ақтық сапарға шығарып салды.

Соңғы жаңалықтар