Қарағандыда 1 жастағы сәби сауда үйінде эскалатордан құлап, ауыр жарақаттанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Қарағандыда 1 жасар қыз бала сауда үйінде эскалатордан құлап, ауыр жарақаттанды.

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның берген ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға 3 шілдеде шамамен сағат 18.00-де Қарағанды қаласындағы Қазыбек би атындағы ауданнда орналасқан сауда үйлерінің бірінде болған. «Қараусыз қалған бір жасар қыз бала екінші қабаттан эскалатормен сүйеніштің арасындағы ойыққа құлап кетті. Басынан ауыр жарақаттанған сәби ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полиция болған оқиғаның себептерін анықтау үсітнде. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
telegram