Қарағандыда 100 жасаған және одан асқан 11 ұзақ өмір сүрушілер бар

ҚАРАҒАНДЫ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінде Қарағандыда 70 400-ден астам зейнеткерлер тұрады, олардың 11-і 100 жасаған және одан асқандар, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Бүгінде Қарағандыда 70 400-ден астам зейнеткерлер тұрады, олардың 11-і 100 жаста және одан асқандар. Қариялар күнінің құрметіне 90-нан астам қайырымдылық акциялары өткізіліп, онда 45 мыңнан астам адам қамтылған. 3,6 млн. астам теңгеге көмек көрсетілді», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Қалалық ардагерлер кеңесінің атынан 100 жалғызбасты қарт адам бір жолғы материалдық көмек алды. Қалалық мәслихаттың депутаттары биыл өздерінің мерейтойларын атап өтетін 60 зейнеткерді құттықтады.

«1 қазанда 75, 80, 85 және 90 жасқа толған төрт мерейтой иесі қала әкімінің аппаратынан құттықтаулар алды», - деп қосты баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар