Қарағандыда 1млн. теңгеден астам жалған ақшаны айналымға салмақ болғандар ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда полицейлердің шұғыл-іздестіру шараларын жүргізуі барысында екі ер азамат қолға түсті,
None
None
олардан жалпы сомасы 1 млн. 25 мың теңге болатын, 5 000 теңгелік банкноттың 205 данасы тәркіленді. Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.Сараптау көрсеткендей, жалған ақшалар компьютерлік техниканың көмегімен жасалған.Ұсталғандар қамауға алынды. Осы фактілер бойынша іс қозғалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр. Полицейлер бұл қылмысқа олардың басқа да сыбайластарының қатысы болуы мүмкін деп есептеп отыр.
Соңғы жаңалықтар