15:23, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
Қарағандыда 200-ден астам мұражай жәдігерлері этнокиіз үйдің ажарын аша түсті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық тарихи-өлкелік мұражайы Наурызда көне жәдігерлерді жинап, киіз үйдің көркін келтірді.
«Киіз үйде мұражай қорынан 200-ден астам экспонат қойылды. Ал басым бөлігі 100 жылдан астам уақыт болғандар. Олар жұмыс істеп тұр", -дейді облыстық тарихи-өлкелік мұражайдың бөлім меңгерушісі Гүлжан Құдаринова.
"Киіз үйде 120 жыл бұрынғы немістің «Зингер» тігін машинасы бар. Ол да жұмыс істейді. 19 ғасырда біздің өңірде Еуропадан көптеген тауарлар әкелініп, халықаралық жәрмеңке өткен. Сол кезде оны біреу сатып алыпты, 70 жылдары ол біздің мұражайға сыйға тартылды".
Этнокиіз үйде ұлттық салт-дәстүр, жоралғылар көрініс тапқан. Осында қазақтың ежелгі ойыны тоғызқұмалақтың да ережелерімен танысуға болады.