Қарағандыда 21 мамырда алаңға шығу жөніндегі үндеу парақ жапсырған жігіт ұсталды - ІІД

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қаладағы аялдамаларға 21 мамырда алаңға шығуға шақырған үндеу парағын жапсырып жүрген 22 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандыда 21 мамырда алаңға шығу жөніндегі үндеу парақ жапсырған жігіт ұсталды - ІІД

«Ұсталған кезде оның сөмкесінен діни ағымдағы әдебиеттер, жапсырма қағаз, қайшы және жарнама қиындылары тәркіленді. Оған әкімшілік хаттама толтырылды. Тәркіленген кітап сараптамаға жіберілді», - делінген ақпар хатта.

Аталмыш факті бойынша сот алды тергеу басталды.