Қарағандыда 757 млн теңгеге жаңа мектеп салынады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатқа салынатын нысандар тізімі анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
None
None

10 миллиард теңгеге несиелік баспана, мектептер салынып, жылу және кәріз жүйелері жөндеуден өткізіледі.

«Он миллиард теңгенің 9 миллиард 800 мың теңгесі Ұлттық қордан бөлінді. Ал облыстық бюджеттен - 200 миллион теңге бөлінді. Бұл сомаға 13 жоба жүзеге асырылады», - деп хабарлады әкімдік жиналысында Қарағанды облысы экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявская.

Атап айтқанда, Қарағандыдағы «Панель-центр» жаңа шағын ауданында 1200 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп салынады.

Қазіргі уақытта жаңа шағын ауданда бірде-бір мектеп жоқ. Жаңа мектеп құны 757 миллион 400 мың теңгеге айналады. Ақтоғай ауданының Сарышаған ауылында 464 орындық мектеп салынады, бұл мақсатта 632 миллион теңге бөлінді.

«Сонымен бірге, Теміртауда 460 миллион теңгеге 600 орындық мектеп тұрғызылады. 492 миллион теңгеге бұзылған жерлері жөнделіп, қайта қалпына келтірілген мектеп-интернат құрылысы аяқталып келеді», - деп Ольга Чернявская нысандар тізімін таныстырды.
«Қарқаралының шығыс бөлігіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы және Жаңаарқа ауданы Атасу ауылындағы тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым орнату жоспарлануда».

Бас қаржыгер «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының, жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру мақсатында қабылданғанын, оны Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауына хабарлағанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар