Қарағандыда әдебиет тарландарының кітаптарынан шырша жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда ерекше шырша пайда болды. Гоголь атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері жаңажылдық шыршаны кітаптардан жасады, деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Оның басындағы әдеттегі жұлдыздың орнына бәйтерек орнатты. Жаңа жылдың басты нышанын жасауға екі мыңға жуық қазақ, орыс және шетелдік классиктердің кітаптары қолданылды. Шыршадағы оқулықтардың тең жартысы кітапхана қорында қалады, ал қалғаны дәстүрлі кітапхана түнінде оқырмандарға таратылатын болады. «Әдебиетпен тұнып тұрған шырша көпшіліктің селфи жасайтын сүйікті жеріне айналған», - дейді ерекше ағаштың авторлары.

«Кітапхана жұмыскерлері әр кітапты оқырманға беруге тырысады. Жас оқырмандар болса суретке түсіп, түрлі әлеуметтік желілерге салып қояды. Біз үшін бұл үлкен қуаныш, еңбегіміз еш кетпеді", - дейді Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхананың бөлім меңгеруші Светлана Головко.

Соңғы жаңалықтар