Қарағандыда алиментші борышкерлерге жұмысқа орналасуға көмектесуде

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда прокурорлар Жұмыспен қамту орталығымен бірге алимент бойынша борышкерлер үшін бос жұмыс орындары акциясын ұйымдастырды.
None
None

Бұл туралы Қазыбек би атындағы аудандық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдерінің мәліметтерінше, алименттерді төлету туралы атқару өндірістерінің жалпы саны 5600-ден асады. Бұл ретте тұрақты жұмыс орындары мен табыстары жоқ азаматтар 18 млн. астам теңге қарыз болды», - делінген хабарламада.

Аудан прокуратурасы акцияны борышкерлерге жұмысқа орналасуға көмек көрсету мақсатымен ұйымдастырды. «Қарағандының 147 жұмыс берушісінен барлығы 700-ден астам бос жұмыс орындары мен бос қызметтер ұсынылған. Алимент бойынша қарыздары бар 15 адам Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тұру ниетін білдірді. Оларға кәсіпорындар мен ұйымдарға жолдамалар берілді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар