Қарағандыда анасының қателігінен комаға түскен бала есін жиды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жеті күн ес-түссіз жатқан екі жасар қарағандылық бала комадан шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Еске салсақ, Қарағандыда дәрігерлердің нұсқауынсыз екпе алған 2 жасар бала комаға түсіп қалғандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз .
«Ол көзін ашты, біраз оң өзгеріс байқалады. Алайда, бала әлі де жансақтау бөлімінде жатыр», - деді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Баланың өкпелері жасанды желдету аппараттарына қосылған.
Дәрігерлер баласының денсаулығына алаңдаулы анасын сөкпеуді сұрайды.
Жаз айында қолы сынған балаға екі рет ота жасалған. Цеф-3 дәрісін дәрігерлер ауруханада да салған және ешқандай аллергиялық белгілер байқалмаған екен.