Қарағандыда аралас жекпе-жектер бойынша Әлем кубогы өтуде

«Қазақстанда ММА сияқты ірі спорттық шара алғаш өткізілуде. Жеңіске үміттеніп отырған қатысушылардың саны 400 адамнан асады», - деп атап өтеді ұйымдастырушылар.
Олардың ақпаратынша, жарыстарға 9 ел: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Эстония, Украина, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресейдің өкілдері қатысуда. Ресей атынан Санкт-Петербор, Осетия, Қабардин-Балқар, Дағыстан, Шешенстаннан келген 5 команда шығуда.
«Жарыс Nomad MMA ережелері бойынша өтуде. Оларға жекпе-жектің барлық түрлерінің, соның ішінде олимпиадалық түрлері де жіберілетінін атап өту керек. Алайда жарақаттану деңгейін төмендету үшін спортшылар қорғаныстық киіммен шығады», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Халықаралық жарысқа 50 адамнан құралған төрешілер бригадасы қазылық етуде. ММА Кубогын жүргізушілерінің бірі - Игорь Петрухин.
Ақтық айқастар 7 қазан күні өтеді.
ММА Әлем кубогының ұйымдастырушылары ретінде Қазақстанның республикалық жекпе-жек одағы мен Номад ММА аралас жекпе-жектер бойынша Бүкіләлемдік федерациясы шықты. Бұл жарыстарға қатысу лицензиясын әрбір спортшы ұлттық іріктеу жарыстарының топтамасында алды. Оның соңғысы - РФ Солтүстік Кавказ федералдық округінде болған (Нальчик қаласы) ашық чемпионат.