Қарағандыда Астаналық 27 млн теңге тұратын көлікті ұрлап, ұсталып қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны Қарағандыдан 2015 жылы шыққан 27 миллион теңге тұратын «Lexus LХ 570» маркалы көлігін ұрлап кеткен. Қымбат көлік ІІМ әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары қызметін бұрын атқарған Николай Калашниковтың ұлына тиесілі болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағандыда Астаналық 27 млн теңге тұратын көлікті ұрлап, ұсталып қалды

Жас жігіт бағалы көлікті шлагбауммен қоршалған көлік тұрағына қойған.  Астана қаласының тұрғыны қымбат көлікті аңдыған. Ол көліктің және иесінің тұратын жерін де білген. Қарағандыға белгісіз себептермен келген ол үйдің кіреберісіне еніп, көлік тұрағының аумағынан шығатын пультпен басқарылатын шлагбаумды бұзған. Бұл уақытта арнайы құрылғылары бар оның сыбайласы Lexus-ты айдап тұрақтан шығып, Астана жол тартқан.

Алайда, таңғы сағат төртте оянған джип иесі терезенің алдындағы машинасының жоқтығын байқап, полицияға хабарласқан. Бір сағаттан кейін жол полициясының қызметкерлері алаяқты Осакаровск ауданы маңынан ұстады. Олар көлікті құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан, қылмыскер қарсылық танытпаған. Оның қолында алдын ала жасалған жалған құжаттар -тіркелген мемлекеттік номер, сондай-ақ,  техникалық мінездемелері ұрланған көлікпен сәйкес келетін Lexus LХ570 автокөлігінің тіркелгендігі туралы куәлік болған.
null 

Зардап шегуші Калашников айыпталушыға кешірім беріп, бас бостандығынан айырмауын сұрады. Қарағанды Қазыбек би аудандық сотының судьясы Саян Аққожин оны ҚК-тің 118-бабы 4-бөлімінде көзделген «ұрлық» бойынша кінәлі деп таныды.