15:37, 28 Мамыр 2015 | GMT +5
Қарағандыда автобус аударылып, бір адам қаза тапты, үшеуі зардап шекті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында жолаушылар автобусы аударылып, соның салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

«28 мамыр күні таңертең Қарағандының Октябрьский ауданында бағдарлық жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, автобус аударылып кеткен. Жол апатының салдарынан алған жарақаттарынан 56 жастағы жолаушы қаза тапты, жүргізуші және тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Жол апаты кезінде автобустың ішінде 17 жолаушы болған.
«Жол-көлік апатының фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот алдындағы тергеу жүргізілуде, бірқатар сараптамалар белгіленді», - деп қосып өтті ІІД-нің баспасөз қызметінен.