Қарағандыда автосервисте жол талғамайтын көлік түгі қалмай жанып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда автосервистің боксынан өрт шықты. Қызыл жалын көлікті, ғимараттың кіреберіс қақпасын шарпыды, ыстық лептен терезелері жарылып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі

Апат 31 шілде сағат 16:22-де болды.

Диспетчердің пультіне Қарағанды қаласының Восток-3 шағынауданы мекенжайынан өрт туралы хабар түскен.

«OTTO OIL Service» көліе майын ауыстыру бойынша автосервистің боксында көтергіште 4 шаршы метр алаңда «Mitsubishi Space Wagon» автокөлігінің жанатын бөліктері өртеніп кетті», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жаудың салдарынан жол талғамайтын көлік толығымен жанып кетті.

Сондай-ақ, кіреберіс қақпа мен терезе блоктары жоғары температурадан зақымданған.

«Қызыл жалын сағат 16:34-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам - слесарлық жұмыстар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған», - деп толықтырды ТЖД.


Соңғы жаңалықтар