Қарағандыда әйел адам спорт залдағы жаттығу кезінде қайтыс болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының спорт кешендерінің бірінде жаттығу кезінде әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағандыда әйел адам спорт залдағы жаттығу кезінде қайтыс болды

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 5 қыркүйек күні сағат сегіздер шамасында болған.

«Спорт кешенінен қоңырау шалынды. «Жедел жәрдем» тобы бес-жеті минут аралығында оқиға орнына дереу жетті. Алайда олар тек  1973 жылы туған еуропалық нәсілді әйелдің өлімін тіркеді», - деді Айжан Иса.

Әйелдің кенеттен қайтыс болу себебін анықтау үшін оның денесі сараптамаға жіберілді.