Қарағандыда бағыттық автобустың жүргізушісі екі адамды қағып кетті, сегіз жасар қыз бала мерт болды

Жол-көлік оқиғасының салдарынан қыз бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпараты бойынша, келеңсіз жағдай кеше, 17 қаңтар күні сағат 19.00 шамасында, Ермеков және Липецская көшелерінің қиылысында, жаяу жүргіншілер бағдаршамның жасыл шамына жолдан өтіп бара жатқан кезде болған.
«Оқиға салдарынан зардап шеккен әйел Мақажанов атындағы облыстық травтмалогия орталығына бас және жамбыл сүйектерінің көптеген сынықтары» диагнозымен түскен. Кәмелетке толмаған кішкентай қыз бала есіне келмей, оқиға орнында мерт болды»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. «Қазір тексеру жүргізілуде. Жүргізуші уақытқа оқшаулау абақтысына жабылды, ал көлік айыптұрағына қойылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.