Қарағандыда Балаларды қорғау күніне арналған V республикалық «Таң шолпан» балалар конкурсы өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда маусымның 1-і мен 3-і аралағында бесінші, мерейтойлық «Таң шолпан» республикалық байқауы өтеді,
None
None

деп хабарлайды Қарағанды облысы білім беру басқармасы.

Вокалдық байқауға жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысады.

Байқау жеке әншілер, вокалды ансамбльдер мен хор ұжымдары арасында өткізіледі, елдің барлық аймағынан 250 бала қатысады деп күтіліп отыр. Байқау шарттарына сәйкес, қатысушылар мемлекеттік тілде екі туынды орындауы шарт. Олардың шығармашылығын танымал музыканттардан, ұлттық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлерінен құралған қазылар алқасы бағалайтын болады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен жүлделерге ие болады, деп хабарлайды ұйымдастырушалыр.

Балаларды қорғау күніне орай Қарағандыда қала орталығындағы даңғыл арқылы мерекелік шеру өтеді, деп хабарлады облыстық білім беру басқармасында. Одан кейін С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Таң шолпан» байқауының салтанатты ашылуы болады.

Организаторами конкурса являются Министерство образования и науки РК, Комитет по охране прав детей. Поддержку оказал акимат Карагандинской области.

Байқауды ҚР Білім және ғылым министрлігі, Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитет ұйымдастырып отыр. Қарағанды облысының әкімдігі қолдау көрсетті.

Соңғы жаңалықтар