Қарағандыда «Біз даңқты Жеңістің немерелеріміз» шығармашылық байқауы жарияланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жастармен жұмыс орталығы «Біз даңқты Жеңістің немерелеріміз» байқауын жариялады, деп хабарлады аталмыш мекемеден.
None
None

«Байқау ҰОС-ындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Қатысушылар үш минуттық әлеуметтік бейнеролик түсіруі тиіс. Оның мазмұны әр түрлі болуы мүмкін, бастысы - тақырып ашылуы тиіс. Бұл ардагерден алынған сұхбат болуы мүмкін. Бейнематериал түсіру үшін кез-келген техниканы пайдалануға болады, тіпті ұялы телефонды да», - деді ұйымдастырушылар.

Орталық байқауға қатысуға оқушылар мен студенттерді шақырды. Жұмыстар 16 сәуірге дейін қабылданады. «Үздік сценарий», «Үздік музыкалық безендіру», «Үздік техникалық шешім», «Үздік актерлық ойын» аталымдары бойынша қорытынды шығарылады. Жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтарға ие болады.

Соңғы жаңалықтар