Қарағандыда «Бизнестің жол картасы» бойынша қоқыс жинауға арналған жаңа техника сатып алынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қоқысты шығару және оны пайдалану үшін жиырмадан астам жаңа машина сатып алынды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
None
None

«2015 жылы аймақтық үйлестіру кеңесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында «ГорКомТранс» ЖШС-нің қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және кәдеге жарату үшін жалпы сомасы 246 млн. теңгені құрайтын 28 арнайы техниканы сатып алу несиесін қаржыландыру жобасына қолдау көрсетілді», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков кәсіпорынға барып, онда жаңа техника - қоқыс таситын, жүк тиегіш машиналар, жүкті өзі түсіретін «КамАЗ» және еуроконтейнерлерді көрді.

«ГорКомТранс» ЖШС директорының м.а. Айтбану Омарованың хабарлауынша, қыркүйекте 24 машина жеткізілді, қалғаны қараша айында күтіліп отыр.

«ГорКомТранс» ЖШС облыс орталығында қалдықтарды шығару және көму қызметін көрсетіп отыр. Бұдан басқа, қызмет көрсетуші қоқыс сұрыптайтын кешенді құру жобасын іске асыруда.

Соңғы жаңалықтар