Қарағандыда «БМВ» автокөлігі мен автобустың соқтығысу салдарынан бес адам зардап шекті, оның ішінде балалар бар

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда, бейсенбі, шілденің 1-і күні таңғы сағат алтыда, Магнитогорский көшесінде «БМВ» автокөлігі мен «ЛАЗ-М-699» автобусының соқтығысып қалды,
None
None

деп хабарлады Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік апатының салдарынан бес адам, БМВ автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі мен автокөлік ішіндегі 16,17 және 13 жастағы үш қыз бала және 34 жастағы ер адам жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді, делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар