Қарағандыда бокстан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері таныстырылды
Бұл қызметке ол Қазақстан бокс федерациясының ұсынысымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитетімен бекітілді.
Ғалымбек Кенжебаев құраманы 2009-шы жылдан бастап басқарып келген Мырзағали Айтжановтың орнына келді.
- Біз бас жаттықтырушы лауазымына жаңашылдықты ұнататын, боксшы шәкірттері тамаша нәтижелер көрсететін адамды ұсындық, - деп атап өтті ҚБФ жаттықтырушылар штабымен жұмыс істеу бойынша вице-президенті Юрий Цхай.
Қарағандылық Ғалымбек Кенжебаев 15 жылдан астам уақыт бойы жастар ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы болған. Оның бапкер қызметіндегі еңбек өтілі - 35 жыл. 1998-ші жылдан 2005-ші жылға дейін Геннадий Головкиннің жеке жаттықтырушысы болған.
Кенжебаевтың жетекшілігімен жастар құрамасы Жастар Олимпиада ойындарында 2014 және 2018 жылдары екі алтын медаль ұтып алған, бес Азия чемпионатында, сондай-ақ 2014-ші жылы әлем чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орын иеленген.