Қарағандыда болашақ аналарға баланы емізу бойынша тренинг өтті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жүкті әйелдерге арналған «Баланы емізудің 10 қағидаттары» атты тренинг өтті, деп хабарлады облыстық Салауатты өмір салты орталығынан.
None
None

«Облыста «Денсаулыққа 7 қадам» республикалық марафоны шеңберінде ауқымды іс-шаралар жүзеге асырыла басталды. Бірінші кезеңде отбасын жоспарлау, репродуктивті денсаулықты сақтау, ерте, кездейсоқ жүктілік сияқты мәселелер кеңінен талқыланды» делінген СӨС орталығының хабарламасында.

Атап айтқанда, орталық іргесінде болашақ аналар үшін жаңа туған нәрестені емізу және дұрыс тамақтандыру бойынша трегнинг өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл әлі де жалғасын табатын болады. Шараға келгендерге дұрыс тамақтану, балаларда кездесетін қан аздықтың алдын алу, энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны туралы парақшалар мен буклеттер таратылды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 12 наурызда Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында «Ұзақ өмір сүру - өз қолыңда!» ұранымен «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны басталған болатын. 7 кезеңді қамтитын акция 7 сәуірге дейін жалғасады.

Марафонның мақсаты - әр азаматтың туғаннан бастап ересек жасқа жеткенге дейін өз денсаулығын сақтауға, нығайтуға жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын жүргізуге уәждеме қалыптастыру, өмір сапасын арттыру мен ұзақ өмір сүруге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау дағдыларын меңгеру.

7 сәуірде барлық өңірде Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған баспасөз конференциясы өтеді. Онда «Денсаулыққа 7 қадам» марафонының қорытындысы шығарылатын болады.

Соңғы жаңалықтар