11:33, 15 Мамыр 2009 | GMT +5
Қарағандыда бомба туралы хабардың салдарынан 732 адам жедел көшірілді
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні сағат 11.45-те Қарағанды қаласының «02» пультіне №53 орта мектепке бомба қойылғандығы туралы құпия қоңырау түсіп, қабылданған шұғыл шаралардың барысында 732 адам жедел көшірілді.

ҚазАқпарат бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Кеше сондай-ақ Қостанайдағы №23 орта мектептің директорының телефонына мектеп ғимаратына жарылғыш құрылғының қойылғаны туралы анонимді қоңырау түседі. Бұл оқиға барысында 258 адам жедел көшірілген. Жүргізілген арнаулы шаралардың барысында екі мектептен де ешқандай бомба табылмаған.