09:13, 24 Наурыз 2014 | GMT +5
Қарағандыда дүкеннен өрт шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы «Ода» дүкенінен өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамынан 33 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Өрт шарпыған аумақ 10 шаршы метрді құраған. Оқиға орнынан 33 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның бесеуі - балалар. Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ Алматы қаласының Түрксіб ауданында «Береке» әмбебап базарындағы құрылыс материалдары бар контейнерден өрт шықты. Өрт 12 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД жеке құрамынан 26 адам мен 7 техниканың көмегімен ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.