19:08, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қарағандыда электр энергиясы халық үшін - 10 пайызға, заңды тұлғалар үшін 40 пайызға қымбаттады
ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап электр энергиясына жаңа тариф енгізілді,

деп хабарлайды Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінен.
Халыққа арналған электр энергиясының тарифі бір кВт/с үшін 4,58 теңгені (ҚҚС қоса алғанда) құрады. Бұл бұған дейінгі тарифпен салыстырғанда 10 пайыз жоғары деп түсіндірді табиғи монополияларды реттеу департаментінің бастығы Николай Фомин.
Заңды тұлғалар үшін электр энергиясы 40 пайызға қымбаттады. «Заңды тұлғаларға арналған тариф пайдалану қуаттылығы бойынша бөлінген», - деді Н.Фомин.
Сонымен қатар, аймақта электр энергиясына арналған әртараптандырылған тарифтер жүйесі де қолданылады.