Қарағандыда электр энергиясының сөнуіне соқтырған ЖЭС-3-тегі апатты кешке дейін жоюға уәде етілді

None
None
None

ҚАРАҒАНДЫ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағандыда салдарынан қаланың жартысында дерлік электр жарығы сөніп қалған ЖЭС-3-те болған апат кешке қарай жойылады. Бұл туралы «ҚарағандыЭнергоОрталық» ЖШС-нің техникалық директоры Владимир Плотников хабарлады.

«Бүгін ЖЭС-та бүкіл стансаның жұмысына әсер еткен апат болды. Оған температуралық ауытқулар әсер етті. ЖЭС-тағы үйлестіру құралдары қатып қалды. Ал қазіргі кезде мұз ери бастады. Соның салдарынан ішке ылғал кіріп, айқас тұйықталу орын алды», - деді В.Плотников журналистерге берген сұхбатында.

Техникалық директор апаттың күрделі екенін атап өтті, бірақ оның айтуынша, мұндай проблеманың станса жұмысын тоқтату жағдайлары өте сирек кездеседі. Ол қазіргі кезде құралдарды іске жұмыстары жүріп жатқандығын және кешке қарай электрмен қамтамасыз ету қалпына келтірілетінін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар