Қарағандыда энергетика ардагерлерінің республикалық кеңесі өтуде

ҚАРАҒАНДЫ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда энергетика ардагерлерінің «ҚР-ғы энергетикалық саланың жағдайы мен даму болашағы» тақырыбында республикалық кеңес өтуде.
None
None

Ұйымдастырушылардың ақпаратынша, кеңеске елдің бүкіл аймақтарынан 60-тан астам делегаттар жиналды. Сондай-ақ оған ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілдері, Қазақстандық электр-энергетикалық қауымдастығының, бірқатар энергетикалық компаниялардың, республикадағы ғылыми-зерттеу және жобалық институттардың жетекшілері қатысуда. 

Энергетика ардагерлері саланың проблемаларын және оларды шешу жолдарын талқылауда.

«Экономиканың және халық қажеттілігінің электр саласындағы өсімін қамтамасыз ету қажет. Ол үшін энергиялық нысандарды жобалау және салу мерзімдерінің ұзақтығы (5-6 жыл және одан да көп мерзім)  бойынша елеулі болып табылатын электр-энергетикалық саланы дамытудың артықшылықтарын анықтау керек. Саланы 2030 жылға дейін дамытудың жаңа ұзақмерзімдік бағдарламаны дайындау қажет», - деп атап өтті «Қазақстандық электр-энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы Шәймерден Оразалинов.

Бұл ретте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2010-2014 жылдарға дайындаған қолда бар салалық бағдарламаны «Қазақстан экономикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытуын іске асырудағы көмекте бірінші кезектегі шаралар» ретінде қарастыру керек.

Энергетиктер ескі жабдықтармен жұмыс істеуді жалғасытруда, дейді кеңестің қатысушылары. Сала кәсіпорындарының мәліметтерінше, электр стансалары мен желілердің физикалық және моральдық тозуы 50 пайыздан асады, сол себептен Қазақстан электр стансаларындағы орнатылған қуаттылықтың шығарылуы 23 пайызды құрайды.

Кеңес қорытындылары бойынша қатысушылар ел Үкіметіне үндеу жолдауды жоспарлауда.

Қазақстан энергетиктерінің республикалық кеңесі төртінші рет өткізілуде. Биылғы кездесу «Қазақстандық коммуналдық желілер» ЖШС-нің қолдауымен өтуде.

Соңғы жаңалықтар