Қарағандыда еркін күрестен халықаралық турнир өтті

None
None
АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде 6-7 желтоқсан күндері еркін күрестен Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіревті еске түсіруге арналған 44-ші халықаралық турнир өтті.

Дәстүрлі бұл шараға биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Өзбекстан, Ресей және Дағыстаннан командалар қатысты. 350-ге жуық балуанның арасынан ерлер арасында да, әйелдер арасында да қазақстандық спортшылардың бағы жанды. Атап айтқанда қарағандылық Дамир Төлеукенов (60 кг), Цотиэ Барамидзе (74 кг), Арман Әлібеков (120 кг) пен Мария Зайцева (63 кг); Алматы облысынан Дулат Аханов (84 кг), Гулмарал Еркебаева (72 кг), Павлодар облысынан Тасболат Жүрсінов (50 кг), 66 кг - Даурен Балтағұлов (66 кг); Батыс Қазақстан облысынан Артур Мамадалиев (55 кг), Оңтүстік Қазақстан облысынан Ермұхамбет Іңкәр (96 кг), Ақтөбеден Римма Рысаева (48 кг), Астанадан Айжан Смағұлова (55 кг) турнир жеңімпазы атанды.

Жалпы бұл дүбірлі додада топ жарғандарға спорт шебері дәрежесі беріледі.

Соңғы жаңалықтар