12:17, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Қарағандыда есірткі саудагерінен 18 келі марихуана тәркіленді
ҚАРАҒАНДЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағандыда есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 26 жастағы ер адамды ұстады, одан 18 келі марихуана табылды,

деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
«Өткен демалыс күндері Қарағанды қаласының Михайлов секторында 26 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы көлік тоқтатылды. Машина салонынан 18 келіден астам марихуана табылды. Ұсталған азаматтың түсіндіруінше, ол марихуананы сату үшін сақтаған», - делінеді хабарламада.
Ұсталған азаматқа қатыстық қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.