Қарағандыда «Гүлдене бер, Астана» атты халықтық мереке өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Негізгі салтанат - «Гүлдене бер, Астана» мерекелік концерті қалалық мәдениет және демалыс орталық саябағында өтіп жатыр. Оған кәсіби және көркемөнерпаздардың шығармашылық ұжымдары қатысуда.
Қаланың басқа да демалыс саябақтарында мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Астананың 11 жылдығы және Қарағандының 75 жылдығына арналған шаралар, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдердің аула клубтары арасында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылуда.
Бұл күндері Қазақстанның бас қаласы - Астанада өтіп жатқан мерекелік шаралардан қарағандылық әртістер де шет қалып жатқан жоқ. Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының бастығы Рымбала Омарбекованың айтуынша, шілденің 3-нде өткен елордадағы жаңа футбол стадионының ашылу салтанатына жалпы саны 500 адамнан асатын барлық жетекші хореографиялық ұжым қатысты.